Күйеуіңіз тек сізді «ҚАЛАП ТҰРҒАНЫН» қалайсыз ба?

1
83 032

​Күйеуі ешқашан басқаға алмастырғысы келмейтін әйел болу үшін, бұны білгеніңіз жөн-ақ.


Күйеуіңіз тек сізді «ҚАЛАП ТҰРҒАНЫН» қалайсыз ба?

фото: rusmama.net

Меніңше, бұл барлық әйелдің қалауы болса керек?! Алайда айтыңызшы, бұл үшін сіз не істеп жатырсыз? Қандай әрекет жасадыңыз?

Бұл орайда не істеу керектігін білмесеңіз, онда мен өз тәжірибеммен бөлісіп, бағыт-бағдар беріп көрейін.

Мен де әйелмін. Мен де күйеуімнің сыртқа көз салмағанын, жар төсегінен жерімегенін, сезімі суымағанын қалаймын. Осындай қалау мені талай кітапты оқып, талай фильмді көруге мәжбүрледі. Оқығаным мен көргенімді саралай келе, күйеуінің жүрегінің төріндегі бір ғана әйел болғысы келетін қыз-келіншектерге мынаны айтқым келеді:


Міндетсінбеңіз, «бұл менің міндетім» деп біліңіз!

«Әйелдің қырық жаны бар» дегенді сіз қалай түсінесіз? Мен бұны әйелге жүктелген міндет пен қызметтің көптігі деп білем. Келіндік міндет, өмірге ұрпақ әкелу, екі рулы елдің ынтымағын сақтау, бала тәрбиесі, үй шаруасы т.б.

Иә, әйелдің көпшілігі осындай қызметтерін зыр жүгіріп атқарғанымен, күйеуінің алдындағы міндетіне немқұрайлы қарайды. Дұрысы, ол бұл міндетті күйеуінің қарым-қатынасына қарай орындайды. Құрбыларымен отырысқа жібермей қойса, біраз уақытқа дейін төсектегі міндетін де селсоқ атқарады. Сұраған ақшасын тауып бере алмаса да солай... Міне, ең басты қателік осында!

Күйеуіңізбен жыныстық қатынасқа түскеніңізді не үшін міндетсінесіз? Есіңізде болсын, күйеуін тәтті сезімге бөлеу, анығырақ айтқанда қанағаттандыру – бұл да әйелдің бір міндеті. «Бақытты болам деп емес, бақытты етемін деп босаға аттаған қыздың бақыты баянды болады» дегенді естіген шығарсыз. Олай болса, қайтарымын күтпей-ақ жұбайлық міндетіңізді бар ынтамен орындауыңыз керек. Әйтпесе...

Еркектер неге жезөкшелерге барады? Өйткені, олар еркектің төсектегі қалауын орындап, барынша оған ләззат сыйлауды ойлайды. Яғни, олар бұған «қызметім» деп қарайды. Қызметіне қарай ақшасын алады.

Қызмет демекші, кез келген жұмыс орнында бірінші еңбек етесіз, сосын жалақы аласыз ғой. Сол сияқты, алдымен күйеуіңіздің қалауын орындаңыз, сосын өз қалауыңызды (рұқсат, қымбат тон, сәнді көйлек т.б.) сұрасаңыз, ол да «жоқ» демес.

Әйел қыңыр-қисық мінезін, өкпе-назы мен ренішін шетке ысырып қойып, төсектегі қызметін жоғары деңгейде орындайтын болса, еркек басқаға көз қырын да салмайды.


Әйелден де әрекет керек!

Ерлі-зайыптылардың төсектегі тән қатынасы – екі адамның бірігіп атқаратын шаруасы. Екі адам бірігіп істейтін барлық жұмысты мысалға алып қарайықшы: ағаш аралау, қайықта ескекпен жүзу т.б. Бәрінде де екі жақтан да күш жұмсалып, бірдей әрекет етпесе, жұмыс өнбейді, тірлік бітпейді.

Төсектегі шаруада да солай. Әйел де әрекет жасауы керек. Еркектің қимылы алға жылжығанда, әйел де алға қозғалыс жасап, жақындай түсуі қажет. Еркек құшағына қысып өзіне тартқанда, әйел де оны өзіне тартып, екі дене бірігіп бір денеге айналуы керек. «Екі жарты – бір бүтін» дегенді мен осы көрініске ұқсатамын.

Сізден әрекет болмаса, онда жансыз қуыршақтан не айырмаңыз бар?


Күйеуіңізге тек тәніңізді емес, жаныңызды да беріңіз

«Тән жарасы жазылар, жан жарасы жазылмас» дегенді естіген боларсыз. Төсек қатынасы да «тән үшін», «жан үшін» деп бөлінеді. Физикалық ләззат жылдам ұмытылады, ал эмоционалды ләззат ұмытылмайды.

Көбіне әйелдер күйеуінің қыңқылынан тез құтылу үшін, тәнін береді де, жанын бермейді. Ескере бермейтін әйел қателіктерінің тағы бірі осында жатыр. Яғни, күйеуі физикалық рақат алғанымен, ол жан тұрғысынан ләззатқа бөлене алмайды. Сондықтан да кейбір еркектер «жанын түсінетін» әйелге кетіп қалады. Түсінікті болар, өйткені оның жаны қанағаттанбады.

Еркек бойдақ кезінде көп қызбен жүреді, кейін олардың есімін ұмытып кетеді. Ал, алғашқы махаббатын, бала махаббатын ұзақ жылдар бойы жадынан шығармайды. Өйткені, ол эмоционалды әсер еткен. Онымен тәні түйіспеген, еріні сүйіспеген. Бірақ, ол туралы айтқанда, тәтті күйге түседі. «Оның көздері...» деп бастайды еркектің көбісі алғашқы махаббаты жайында.

Иә, көзі арқылы адамның жан-дүниесіне әсер етуге болады. Төсек қатынасында да солай. Күйеуіңізбен тән қатынасы барысында оның көздерінен көз алмаңыз. Бұл іс аяқталғанша оның көзіне бажырая қарау емес. Махаббатыңызды, тәтті сөздеріңізді көзіңізбен «айту». Ыстық сезіммен, жүрегіңіздегі барлық сүйіспеншілікпен «беріле» жасалған қатынасты күйеуіңіз ешқашан ұмытпайды. Оған тәніңізді де, жаныңызды да «бере» біліңіз!


Төсекте де табиғи жаратылысыңызға сай болыңыз!


фото: happysemeyka.ru

Кітаптардан «Мың түнге татитын бір түн», «Ол әйел есімнен тандырды» деген секілді сөздерді оқығансыз ба? Мен оқығанмын. Бастапқыда «Ой тоба, шынымен төсек қатынасында адам естен тана ма?» деп ойлайтынмын.

Бір күні жан құрбымның тойында достар бас қосып, өте көңілді кеш болды. Күйеуім көлік екеуміз қайттық. Күйбең тіршіліктің салмағынан арылғанбыз ба, ішпесек те мас секілді ойымыздағыны ірікпей ашық айтып келеміз. Себебі, көңіл-күй тамаша! Сол түн бал татыған түн болды. Ертеңіне күйеуіме де ұнағанын білдім. Оның маған деген махаббаты арта түскенін байқадым.

Түсінгенім, мен шарап ішкен сол түні менде қысылу, қымсыну, күйкі тірлікті уайымдау дегендер болмапты. Отбасылық мәселелерді, мүсінімдегі кемшіліктерді (көкірегім кішкентай т.б.) бәрін ұмытып, тек сезімге ерік берген екенмін. Сол күні мен оргазмның шыңына жеттім десем болады. Ал, әйел шынымен оргазмды сезінгенде, еркек те балқиды екен.

Осыдан кейін мен әйел төсекте табиғатына сай нәзік бола білсе, шынында да кітаптарда жазылғандай ләззатпен қауышатындығын білдім. Еркек табиғатынан мықты, қатаң мінез иесі дейміз. Сол секілді, оның табиғи жаратылысына сай оның еркектік мүшесі қатаймаса, ол шаруасын ойдағыдай атқара алмайды. Ал, әйел керісінше. Әйел төсекте өзінің ойын да, тәнің де барынша босаңсытпаса ол сезімге балқымайды да, балқыта алмайды да.

Жалпы, әйел өз табиғатына ешқашан қарсы келмеуі керек. Оның еркектен айырмашылығы – нәзіктігінде, әлсіздігінде, шашы мен етегінің ұзындығында, мейірімділігінде, тағдырын күйеуіне сеніп тапсыра білуінде.

Міне, әйел әрдайым осыларымен еркектен ерекшеленіп тұратын болса, ол жұмыста да, тән жақындастығында да ешқандай мәселеге жолықпайды.

Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Күйеуіңіз үшін құпия болуы тиіс «интим» жаттығу

Төсектегі «шаруаға» үлкен-кішісі бәрібір... Маңыздысы – басқада!

Көрпені таңғы уақытта «бүлкілдету» түндегіден де пайдалы