Көлікте болған жүргізуші 4 сағаттан соң табылған.
фото: ДЧС Шымкента
ERNUR.KZ. Ақмола облысында "Степногорск-Заводская" автожолының 6-шақырымында жол апаты болып, жүргізуші көлігімен бірге суға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, 59 жастағы Opel Isuzu Monterey автокөлігінің жүргізушісі "Степногорск-Заводская" автожолының 6-шақырымында, Ақсу өзені арқылы өтетін көпірде Volkswagen Transporter автокөлігімен соқтығысқан.
"Апат салдарынан opel көлігі жолдан шығып, өзенге батып кетті. Төтенше жағдайлар басқармасының құтқарушылары көлікті судан сағат 10:40-та алып шықты. Көлікте жүргізуші мен иті болған. Олар араға 4 сағат салып табылды", - деп хабарлайды ведомство.
Ал Volkswagen Transporter көлігінің жолаушысы мен жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жасалып жатыр.