​Ораза кезінде құшақтасу және сүйісуге бола ма?

0
72 017

Қасиетті Рамазан айындағы қойылатын сауалдардың бірі – ораза тұтқан ерлі-зайыптының (!) бір-бірін құшып-сүюі жайында болады.


​Ораза кезінде құшақтасу және сүйісуге бола ма?

фото: diy.obi.ru

Қасиетті Рамазан айындағы қойылатын сауалдардың бірі – ораза тұтқан ерлі-зайыптының (!) бір-бірін құшып-сүюі жайында болады.

Ораза кезінде күйеуіне де, әйеліне де бір-бірін сүюге, құшақтауға және аймалауға рұқсат етіледі. `Айша, Аллаһ оған разы болсын, былай дейтін: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгенідеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын» (әл-Бухари 1927, Муслим 1/65).

Мұнда біріншіден, некелі ерлі-зайыптылар екендігі айтылса, екіншіден адамның өзін-өзі ұстай білуі, әрі қарай нәпсінің жетегінде кетпей өзін тежей алуы керектігі айтылып тұр.

Сондай-ақ `Айшаның жиені Масруқ одан: «Ораза уақытында күйеуі мен әйеліне не рұқсат етіледі?», - деп сұрағыны хабарланады. Ол: «Жыныстық қатынастан басқасының барлығы», — деп жауап берді (‘Абдур-Раззақ 4/190. Хадистің сенімділігін хафиз Ибн Хәжар растаған. Қараңыз: “Фатхул-Бәри” 4/183).

Бұл хадистер ауызы берік адам, егер бұл жыныстық қатынаспен аяқталады деп қорықпаса, өз әйелін құшақтап, аймалауына рұқсат етілетініне нұсқайды. Ал егер адам әлсіз болса, әрі өзін-өзі ұстай алмай қалатынын білсе, онда ол бұдан тыйылғаны жөн.

Шариғатта маңызды бір қағида бар: «Харамға апаратын нәрсе де харам!». Сүйісу кезінде адамда мәзи (қою емес) сұйықтығы шығатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Бұған «мәзи сұйықтығы оразаны бұзады» деген дәлелдің жоқтығы дәлел болып табылады.

Ораза — құлшылық рәсімі болып табылады, ал белгілі бір құлшылықты жарамсыз болды деп айту үшін Құран мен Сүннеттен дәлел келтіру қажет (қараңыз: «Шархул-Мумти’» 6/397).

Дереккөз: islamhouse.com, «Рамазан айындағы ораза»