​«Шаруаны» тез бітіріп қоймау үшін еркектерге кеңес – 21+

1
135 960

Бұл кеңесті кез келген еркек қажетке жарата алады


​«Шаруаны» тез бітіріп қоймау үшін еркектерге кеңес – 21+

Осы айдардағы кеңесіміздің басым көпшілігі әйелдерге арналып жатады. Бұл дегеніміз – еркектердің төсекте проблемасы мүлде жоқ деген сөз емес. Оларда да бар, бірақ айтпайды. Әйелдер сияқты шешілмей жатқан мәселесін құрбысына, жеңгесіне немесе тағы бір танысына айтып шағынып, кеңес сұрап жатпайды. Себебі, ол – ЕРКЕК.

Сондықтан да бұл кеңесті әйелдердің оқымай өтіп кеткені дұрыс болар.

Интернет арқылы төсек айналасында ең көп қойылатын сұрақтың бірі – «Күйеуім тез бітіріп қояды» немесе «Қалай тез бітірмеуге болады» дегеннің айналасында болады екен. Иә, мұндай проблема бар. Ешкімнің жанды жеріне тигіміз кеп отырған жоқ. Мүмкін болғанша, «ұлы сөзде ұяттық жоғын» алға тарта отырып кеңесімізбен көмектессек дейміз.

Тән құмарлығына тояттанбау ессіздікке бастауы мүмкін. Мүмкін болғанынша, мұндай проблемаларды дер кезінде шешіп, керек болып жатса қымсынбай, намыстанбай дәрігерге жүгінген дұрыс. Ендеше, алдымен не себепті еркектер төсектегі шаруасын тез аяқтап қоятынынан бастайық.

Басты себептері:

  • Ұзақ уақыт жыныстық қатынасқа түспеу (мұндай кездері шаруаның тез аяқталуында тұрған дәнеңе жоқ, толған нәрсенің тез жарылатындығын есте сақтаған жөн)
  • Есеңгіреу (анығырақ айтқанда, төсектегі шаруаға есеңгіреп отырып кірісу, бұл кезде адам ағзасын басқара алмайды)
  • Асығыс қимылдау, «бабында тұрғанда басып қалу» (еркектер арасында мұндай да қате түсінік бар, яғни, сол арқылы олар миға ерте дабыл беріп қояды)
  • Күйзелісті күйде жүру (қандай да бір түйінді мәселені ойлап тұрып төсекке шығудың қажеті жоқ, тән ләззатының күйзелісті жоятынын есте сақтап, шаруаға еркін кіріскен абзал)
  • Жыныс мүшесіндегі жұқпалы ауру (бұл жерде бәрі түсінікті болар...)
  • Төсек шаруасын жалғыз атқару (әйелге де бірауық мүмкіндік беріп, «демала» тұрғанның зияны жоқ, пайдасы болмаса)
  • Сенімсіздік («соңына дейін шыдай аламын ба?» - еркекті құртатын осы бір сенімсіздігі)
  • Жатын орынның дұрыс таңдалмауы («көріп қояды, естіліп қалады» деп жалтақтатып қоятын орынды таңдау да аттан тез түсіп қауға, шаруаны жетеріне жеткізбей аяқтап қоюға себеп болады)
  • Уақыттың аздығы (төсектің шаруасы өтіп бара жатып орындап кете салатын іс емес, қолайлы уақыт пен ыңғайлы орын болуы керек)
  • Гормоналды жүйедегі кемшілік (денсаулыққа дұрыс қараған жөн)
  • Қорқыныш («бала жасап қоям-ау» деген қорқыныш та әсер етеді, жоспарда жоқ болса, алдын ала сақтық шараларын ойлауға ешкім тыйым салмаған)
  • Тағы да қорқыныш («ауру жұқтырып алам-ау» - некелі жардың қадірі осындайда білінеді)
  • Төсек қатынасына жиіркенішпен қарау (миға сіңіп қалған осынау бір қағида тез бітіруге ғана емес, келешекте ауруға да ұшыратуы мүмкін)
  • Құрсақ-құйымшақ бұлшықеттерінің әлсіздігі (жаттығу жасап тұрған дұрыс)
  • Дұрыс тыныс алмау (төсекте тыныс алудың орны да маңызды)
  • Төсектегі серіктеске сенбеу (бір рет қана кездескен немесе мүлде танымайтын жанмен төсектес болуда әдетте шаруа тез бітеді)
  • Сезімнің болмауы (жұптардың бір-біріне деген сезімінің суып кетуі)

Мұның барлығы тек негізгі ғана себептер, бұдан басқалары да болуы мүмкін. Осы себептерге орай мәселенің түйінін қалай шешуге болатын бірнеше жолдарын байқап көрейік.


ЕСКЕРТУ! Төсек қатынасы кезінде келеңсіздікке тап болмай, істі соңына дейін абыроймен атқарғыңыз келсе, мыналарға жоламаңыз:

  1. Ішімдік туралы ұмыту керек;
  2. Жүйкені тыныштандыратын дәрі ішу де кедергі келтіреді;
  3. Елітетін заттар да сіздің «еркек» атыңызға кір келтіретінін біліңіз.


Бұған қосымша, олардың денсаулыққа қаншалықты зияны бар екендігін жақсы білетін жаста болуыңыз керек, егер осы мақаланы оқып отырған болсаңыз.

1-әдіс: Бұлшықетті шынықтыру

Мұны көбіне әжетханада жасай аласыз. Зәр шығару кезінде оны ортасынан тоқтатып, қайта жалғастырып бірнеше рет қайталасаңыз, сізге «қажетті» бұлшықет шыныға түседі.

2-әдіс: Құрсақ-жамбас бұқлшықеттерін нығайту

Бұл әдіс әдетте әйелдерге де көмектеседі. Төменгі жақты жиырып, қайта босату арқылы күніне бірнеше рет жаттығу жасауға болады. Бастапқыда тек орындықта отырғанда жасасаңыз, кейін кез келген тұрыста жасауға үйренесіз. Бұл жалпы, құрсақ, құйымшақ айналасындағы мүшелерге (ішкі-сыртқы) берері мол пайдалы жаттығу болмақ.

3-әдіс: Кеудемен емес, ішпен тыныстаңыз

Иә, төсекке жатқанда (жыныстық қатынас кезінде) кеудемен ғана тыныстамай, оған қарынмен тыныстауды қосыңыз. Өкпемен ғана тыныстау жүректің тез соғуына әкеледі де, алқынып шаруаны тез аяқтауға тура келеді. Сондықтан кезек демалуға мән берген жөн.

Төсек қатынасы кезінде дұрыс тыныс алуды үйренбесеңіз, дәріханадан дәрі алып ішсеңіз де ештеңе көмектеспейді.

4-әдіс: Жұбыңызбен келісіңіз

Төсектегі шаруа әйел мен еркекке бірдей ортақ. Сондықтан арасында «аз ғана тыныстайық» деп үзіліс жасау оғаш емес. Керісінше, сәтті аяқтауға мүмкін зор. Осы әдіс көп көмектеседі, сондықтан үнемі жұбыңызбен ашық болған жөн. Оған бар «күшіңізді» көрсетемін деп титықтап қалғаннан ашық әңгімелескен жөн болмақ.


Осы ретте жұптардың қателіктерін де айта кету керек:

Әйел сезсе де үнсіз қалады, себебі, «еркектің намысына тиіп кетемін» деп ойлайды;

Еркек үндемей қалады, себебі, әйелден ұялады және оны төсекте басқара алмай қалудан қорқады.


Еркек пен әйел бір дене боп біте қайнасқанда мұндай орынсыз ұялшақтық пен әрекетсіздіктің соңы көбінесе сәтсіздікке ұшыратып жатады.

5-әдіс: Екінші рет байқап көру

Көп жағдайда ерінші рет байқап көру әдісін еркектер пайдаланбайтын көрінеді. Ал мамандардың айтуынша, бұл әдіс ең нәтижелісі. Бірінші реттен соң көңіл-күйді тыныштандырып, шаруаны қайта бастаса, алдыңғысынан ұзақ болатындығын айтады мамандар.

6-әдіс: 3 есе жай қимылдау

Әдеттегі қимылыңызды еске түсіріңіз де, одан 3 есе жаймен қайталап көріңіз. Асықпаған жөн, сол үшін жедел атқармауға бастайтын барлық жағдайды орайластырып алған дұрыс.

7-әдіс: бәрі де аймалаудан басталуы керек

Жұбыңызды елітіп, аймалау кезінде өзіңізді басқарцға үйреніңіз. Иә, табиғатыңыз оған құлықсыз болғанмен, миыңыз өзіңіздікі. Демек, өзіңізді өзіңіз басқарыңыз. Арасында үзіліс жасап, қайта жалғастыруды әдетке айналдырған жөн.

8-әдіс: Мұрынмен тыныстаңыз

Спорттық жаттығу жасағанда мұрынмен тыныстап, демді ауыздан шығару керек пе еді? Мұнда да мүмкін болғанынша солай ету қажет. Бұл да бір спорт екендігін есте ұстаған жөн.

9-әдіс: Көзді жұмып...

Шаруаны ұзағырақ еткіңіз келсе, бөлме қараңғы, яғни, жұбыңыздың әсем тәні көзіңізді арбамайтын болуы тиіс. Еркектердің жаратылысы солай, әйелдің тәніне тез арбалады. Арбалады да... тез аяғына жеткізеді.

10-әдіс: Әжетханаға барып алыңыз

Мұнда бәрі қарапайым: толып тұрған қуық аталық ұрық каналына қысым түсіріп, мұндайда кезде дер кезінде тоқтап үлгеру қиынға соғады. Алдын ала дайын болыңыз.

11-әдіс: Спорт және дұрыс тамақтану

Спорттық жаттығудың пайдасын төсекте те көретініңізге кәміл сеніңіз және таңертеңнен кешке дейін орындықта отырар болсаңыз, сіз үшін міндетті түрде жүзу, жүгіру және йога жаттығулар қажет.

Ал құрамында цинк, магний және Е дәрумені бар тағамдарды (жаңғақ, жұмыртқа, таза бал, ноқат, банан, қызанақ және т.б.) күнделікті ас мәзірінен үзбесеңіз, еркектік күшіңіз де, еркіңіз бен әлеуетіңіз де тасып тұрарына кепілдік береміз.

Түрлі дереккөздерден жинақтап дайындаған: Жайнаған Байтұрым