10 жылға дейін аң аулауға мораторий енгізуді ұсынды

0
1 943

Соңғы жүргізілген есептеулерге қарағанда, бар болғаны 200-дей ғана қар барысы қалған. Барыс аулайтын аңдарды да қорғауға алу қажет.


10 жылға дейін аң аулауға мораторий енгізуді ұсынды

ERNUR.KZ. Қырғызстанда жабайы аңдарды аулауға он жылға дейін мораторий енгізуді қарастыратын заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл туралы депутат Экмат Байбакпаев "Парламент" радиосына сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде қар барысының саны күрт азайып кеткен.

"Соңғы жүргізілген есептеулерге қарағанда, бар болғаны 200-дей ғана қар барысы қалған. Барыс аулайтын аңдарды да қорғауға алу қажет" деді депутат.

Байбакпаевтың айтуынша, қазір Орталық Азияда аң аулауға Қырғызстан мен Тәжікстанда ғана айтарлықтай шектеу қойылмаған.

Қоршаған ортаны қорғау маманы Алмаз Мусаевтың мәліметіне қарағанда, арқар аулауға лицензия құны 450 мыңнан 700 мың сомға дейін барады. Ал тауешкілерді аулау лицензиясы 70-100 мың сомға дейін жетеді (бір сом 0,015 долларға тең).