6 сағат кетті: әлемде алғаш рет 3D-принтермен теміржол станциясы салынды

0
104

​Бетоннан дәл осындай станцияны дәстүрлі әдіспен салу үшін 1-2 ай қажет


6 сағат кетті: әлемде алғаш рет 3D-принтермен теміржол станциясы салынды

Фото: Dezeen

ERNUR.KZ. Жапонияның Арида қаласында әлемдегі алғашқы 3D-принтермен салынған теміржол станциясы сәтті аяқталды. Hatsushima деп аталатын жаңа станция ағаштан салынған 1948 жылғы ескі павильонның орнын басты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Станция аркалы шатырмен жабдықталған. Ең қызығы – құрылыс түнгі пойыз қозғалысы тоқтағаннан кейінгі алты сағат ішінде аяқталған. Ал құрылымның өзіне қажетті төрт негізгі бөлшек зауытта бір апта ішінде 3D-принтермен басылып шыққан», — делінген мақалада.

Ені 6,3 метр, биіктігі 2,6 метр болатын Hatsushima станциясы пішінімен де ерекшеленеді. Қабырғаларында өңірдің танымал өнімдері – мандарин мен қылыш балықтың бедерлі бейнесі салынған. Жоба авторларының айтуынша, бұл 3D-принтердің бірегей мүмкіндіктерінің бірі.

«Бетоннан дәл осындай станцияны дәстүрлі әдіспен салу үшін 1-2 ай қажет. Ал 3D-принтер арқылы біз бұл жұмысты бірнеше сағатта аяқтадық. Бұл құрылыс саласындағы кадр тапшылығы мәселесін де шешуге көмектеседі», – дейді компания өкілдері.