Түркістанда Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахаты төрағасының бейресми кездесуі өтеді

0
125

Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасы және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.

21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.