Енді жәрдемақы берер алдында қазақстандықтардың шығыны тексеріледі

0
158

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.


Енді жәрдемақы берер алдында қазақстандықтардың шығыны тексеріледі

ЖИ / ulysmedia.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу тәртібі өзгереді. Жаңа ережелерді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Министрлік әзірлеген бұйрық жобасына сәйкес, АӘК алуға үміткер азаматтар қаржылық операциялары туралы мәлімет беруге келісім беруі тиіс. Бұл туралы құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

– Бұйрық жобасында азаматтың келісімімен банктік шоттардағы ақша қозғалысы, шығындар, несиелер, микрокредиттер, жинақ шоттары мен депозиттер туралы мәлімет алу қарастырылған.

Мақсат – нақты мұқтаж азаматтарды анықтау үшін табыспен бірге шығындарды да есепке алу.

Құжат авторларының айтуынша, бұл шаралар АӘК-тің мақсатты әрі әділетті берілуін, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды көздейді. Әлеуметтік-экономикалық теріс салдарлар болмайды деп сендірілді.

Еске салайық, 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекке 54,7 млрд теңге бөлінген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова кей азаматтардың жұмыс істеуден бас тартып, тек мемлекеттік көмекті пайдаланатынын атап өткен еді.