102 жастағы әжей парашютпен секірді

0
1 379

Австралиялықтар парашютпен секіру арқылы Қозғалмалы нейрондық аурумен күресу қауымдастығына көмектеседі.


102 жастағы әжей парашютпен секірді

ERNUR.KZ. Австралияның 102 жастағы тұрғыны Ирен О`Ши 4 мың метр биіктіктен парашютпен түсіп, нұсқаушымен секірген әлемдегі ең қарт скайдайвер атанды, деп жазады 24.kz.

Парашют ашылғанша олардың жоғарыдағы жылдамдығы сағатына 220 шақырымды құраған. Жүз жасаған кейуананың бұл алғашқы секіруі емес.

Бұған дейін әжей спорттың бұл түрімен айналысып, жыл сайын парашютпен секіріп тұрған. Айта кетейік, австралиялықтар парашютпен секіру арқылы Қозғалмалы нейрондық аурумен күресу қауымдастығына көмектеседі.

Өткен жылдың өзінде спорттың бұл түрінен қайырымдылыққа 8 жарым мың доллар қаржы жиналған.