11 жастағы қыз босанып, әлемдегі ең жас ана атанды

0
1 540

Кішкентай қыз 10 жасында жүкті болған.


11 жастағы қыз босанып, әлемдегі ең жас ана атанды

ERNUR.KZ. Ұлыбританияда 11 жастағы қыз босанып, әлемдегі ең жас ана атанды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Кішкентай қыз 10 жасында жүкті болған. Биыл маусым айының соңында ол аман-есен босанды. Дәрігерлердің айтуынша, жас ана да, оның сәбиі де дін аман.

Отбасына жақын адамның мәліметінше, қыздың ата-анасы әліге дейін өздеріне келе алмай жүрген көрінеді. Бұл жаңалық оларға ауыр соққы болып тиген. Қыздың кімнен жүкті болғаны жайлы ақпарат хабарланған жоқ.

Дәрігер Кэрол Купердің айтуынша, қыздар 8 жастан бастап та жүкті бола алады. Яғни, 11 жасар қыздың жүкті болуы медицинада жаңалық емес екенін айтты. Десе де, британдық қыз әлемдегі ең жас ана деген мәртебе алды.

Бұған дейінгі ең жас ана Испанияда тұратын еді. Ол 12 жасында босанған. Ата-анасы қызының жүкті екенін соңғы сәтке дейін білмеген.