​1,5 млн теңге тұратын ішкиім ұрлаған азамат ұсталып қалды

0
3 355

Материалдық шығын 3,8 мың АҚШ долларын (1,5 млн теңгеге жуық) құраған.


​1,5 млн теңге тұратын ішкиім ұрлаған азамат ұсталып қалды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Полиция 170 қап ішкиім ұрлады деп күдікке ілінген тәжік азаматын қолға түсірді, деп жазады ca-news.org.

Ішкиім ұрлауға қатысты оқиға Ресейдің Мәскеу қаласында орын алған. Қыркүйек айының 27-інде жергілікті полицияға Қытай азаматы шағымданып, өзі сауда жасайтын кешендегі ғимараттан белгісіз біреу 170 қап ішкиімді ұрлап кеткендігін айтқан. Материалдық шығын 3,8 мың АҚШ долларын (1,5 млн теңгеге жуық) құраған.

Қытай азаматының ірі көлемдегі тауарын ұрлаған Тәжікстан азаматы болып шықты. Күдікті Мәскеу маңындағы Ленин ауданында 29-ы күні ұсталған.

Ұрланған ішкиімдердің әзірге қайда екені белгісіз.