172 мемлекет коронавирусқа қарсы екпе алу туралы ортақ келісімге келді

0
577

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы вакцинаға қол жеткізу үшін 18 қыркүйекке дейін өтініш беріп үлгеру керек.


172 мемлекет коронавирусқа қарсы екпе алу туралы ортақ келісімге келді

ERNUR.KZ. Әлемдегі 172 ел коронавирусқа қарсы екпе алу туралы ортақ келісім жобасын мақұлдады, деп жазады inbusiness.kz.

Құжатқа сәйкес, ол ең алдымен дәрігерлерге жаппай салынады. Содан кейін асқынған ауруы бар азаматтар мен жасы 65-тен асқандар екпе алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арқылы вакцинаға қол жеткізу үшін 18 қыркүйекке дейін өтініш беріп үлгеру керек. Орталық келесі жылдың соңына дейін барлығы 2 млрд доза жеткізуді жоспарлап отыр. Ғалымдардың айтуынша, індеттен сақтану үшін екпені араға 1 ай салып екі мәрте алу қажет.