​20 жастағы қыз 1,5 жыл ішінде 30 келі салмақтан қалай арылғаны туралы айтты

0
1 764

Алдына осындай мақсат қойған бойжеткен 2017 жылдың қаңтарынан бастап салмақ тастап, жылдам нәтиже көрсетті.


​20 жастағы қыз 1,5 жыл ішінде 30 келі салмақтан қалай арылғаны туралы айтты

ERNUR.KZ.20 жастағы Ливерпуль тұрғыны Эбби Вудворд кішкентайынан медбике болуды армандаған, бірақ 99 келі болатын салмағының кесірінен үнемі қозғалыста жүре алмайтынын түсінетін. Бірақ, ол артық салмақтан арылуға және өмір бойы армандаған жұмысына орналасуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz Life.ru-ға сілтеме жасап.

Эбби ешқашан арық болмаған, бірақ 2016 жылғы жаңа жылда сыйлыққа алған XL өлшемді жемпіріне сыймай қалғанын көріп, көңіл-күйі түсіп кеткен. Сол күні өзін айнадан көрген Эбби дене бітіміне қарап шошыған. Осыдан кейін, ол өз өмірін өзгерту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын деп, арықтауға шешім қабылдаған.

Алғашында жемпірді басқасына ауыстырып келейін деп ойладым. Бірақ бұның өзі ең үлкен өлшем болып шықты. Содан, осымен жеткілікті деп, артық салмақтан арылуға уақыт келді дедім”,- дейді бойжеткен.

Эбби медбике болуды бала күнінен арман еткен. Бірақ артық салмақ оған ауыр физикалық жұмыстарды орындауға мүмкіндік бермеді. Содан, ол бұл арман сымбатты дене бітіміне жету жолында керемет ынталандыру болады, деп шешті.

Алдына осындай мақсат қойған бойжеткен 2017 жылдың қаңтарынан бастап салмақ тастап, жылдам нәтиже көрсетті. Ол, бұның бәрі төзімділік пен күн тәртібінің арқасында дейді. Алайда, кей кездері тәтті тағамды көргенде, өзімді әрең ұстаймын дейді.

Достарыммен кафеге бару қиынға соқты. Өйткені олар қалағандарын жейді, ал мен олай жасай алмаймын. Бірақ, мен алдыма қойған мақсатымды білемін, сондықтан өзімді ұстауға тырыстым”,- деді Эбби.

Қазір Эббидің салмағы 67 келі, бірақ ол бұнымен тоқтамаймын дейді. Ол 60 келіге дейін арықтау үшін үнемі спортпен шұғылдануда. Бірақ, ол қазірдің өзінде жергілікті ауруханаға мейірбике көмекшісі болып, жұмысқа орналасып алған.