Үздік ондықты былтыр шыққан Samsung Galaxy S8+ қорытындылады.
ERNUR.KZ. AnTuTu cарапшылары 2018 жылдың ең танымал он Android-смартфонын атады. Рейтинг компанияның сайтында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.
Тізімде Xiaomi Mi 8 Explorer Edition смартфоны көш бастап тұр. Ол 97 пайыз көрсеткішпен тұр. Екінші орында Samsung Galaxy S9+, 3-орында - Meizu 16th. Екі смартфон 96 пайыз жинаған. Төртінші және алтыншы орындар аралығы Huawei Mate 10 Pro, Oppo Find X және Meizu 16th Plus смартфондарына тиді. 7-орында - OnePlus 6.
Ал Huawei Mate 10 8-орынға тұрақтса, 9-орында Vivo NEX Ultimate смартфоны тұр. Үздік ондықты былтыр шыққан Samsung Galaxy S8+ қорытындылады.