24 мың теңге үшін: Анасы 11 жастағы қызын зорлауға рұқсат берген

0
7 999

11 жастағы қыз болған оқиға туралы тәтесіне айтып берген.


24 мың теңге үшін: Анасы 11 жастағы қызын зорлауға рұқсат берген

ERNUR.KZ. Аргентинаның Ла Банда қаласында әйел өзінің азаматтық некедегі күйеуінің досына 11 жастағы қызын зорлауға рұқсат берген. Ол үшін әйел 65 доллар (24 мың теңгеден аса) сұрапты, деп жазады Stan.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел сұраған ақшасын алғаннан кейін қызын күдіктімен оңаша қалдырған. Ол қайтып келгенде, ер адам қызды зорлап, үйден шығып кетіп үлгерген.

Артынша әйел қызының шағымданғанын естіп, оны өтірік айтты деп айыптаған. Сонымен қатар полицияға арызданбайтынын айтыпты.

Мұнан кейін 11 жастағы қыз болған оқиға туралы тәтесіне айтып беріпті. Өз кезегінде ол құқық қорғау органдарына шағымданған.

Қазіргі уақытта қыздың анасы мен күдікті тұтқындалды.