31 желтоқсанда Ресей Украина қалаларына тағы да зымыранмен соққы жасады

0
1 128

Украина Қарулы Күштері 12 зымыранды атып түсірді.


31 желтоқсанда Ресей Украина қалаларына тағы да зымыранмен соққы жасады

ERNUR.KZ. 31 желтоқсанда Жаңа жылға санаулы сағаттар қалғанда Ресей Украина қалаларына тағы да соққы жасады. Ресей аумағынан зымырандар ұшырылғаны айтылды, деп жазады Stan.kz.

Украина Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный Facebook парақшасында Украинаға Каспий теңізінен Ту-95мс стратегиялық бомбалаушы ұшақтарынан және жердегі зымыран жүйелерінен 20-дан астам қанатты зымырандар атылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина Қарулы Күштері 12 зымыранды атып түсірді: 6-ы Киев облысының шегінде, 5-і Житомир облысында және 1-і Хмельницкий облысында, деп жазды Залужный.

Бірнеше облыста, оның ішінде Днепропетровск, Одесса, Кировоград, Николаев облыстарында энергетиктер жарықты өшірген. Мамандардың түсіндіруінше, энергетика нысандарына соққы жасалса, бұл нысандардың азырақ бүлінуіне ықпал етеді.

Киев мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-каналында Киевте болған жарылыстарды растады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Киевте 10-ға жуық жарылыс дыбысы тіркелген.

Украиналық БАҚ 2022 жылдың 31 желтоқсанында түс ауа ресейлік зымырандық шабуылдың салдарынан Украина астанасының орталығындағы "Украина сарайы" мен оның маңындағы қонақүйге де зақым келгені туралы жазды.

"Әдетте бұл күндерде онда Жаңа жыл қарсаңында балалары бар ата-аналар болады. Бір ғажабы, бүгінде бала болмады. Ресейлік зымырандардың соққысынан әйнектер шағылды", - деп мәлімдеді Украина президентінің кеңсесі.

10 қазаннан бастап Ресей әскері он күн сайын Украинаның энергетика нысандарына ракетамен соққы жасап келеді. Зымыран шабуылдарының нәтижесінде көптеген нысан қираған не бүлінген. Соның салдарынан жарық жаппай сөніп, кей жағдайда су мен жылу жүйесі де тоқтаған. Кейінгі апталарда тұрғын үйлерде жарық сөнуі жиілеген. Алайда энергия жүйесі толық өшкен жоқ, ақаумен болса да істеп тұр.