Үндістанның солтүстік-шығысындағы Аруначал-Прадеш штатында көшкін кезінде құрлық әскерлерінің кем дегенде жеті әскери қызметкері із-түзсіз жоғалды.
ERNUR.KZ. Оқиға Каменг өзенінің аумағында болған. Бұл туралы дүйсенбі күні NDTV телеарнасы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Армиядан берілген ақпарат бойынша, қарулы күштер іздестіру-құтқару операциясын бастаған. Көшкін құлаған аумаққа арнайы командалар жеткізіліп, жоғалғандар іздестіріліп жатыр.