7 жастағы бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды

0
1 054

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі қалалық балалар клиникалық ауруханасында бала өліміне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.


7 жастағы бала сүндеттелгеннен кейін қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бішкекте жеті жасар бала сүндетке отырғызылғаннан кейін қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Бішкек қаласы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының мәліметінше, 2 сәуірде полицияға қалалық балалар клиникалық жедел жәрдем ауруханасының хирургия бөлімінде баланың қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

"Бала ұлттық госпитальда жергілікті анестезиямен сүндетке отырғызылғаны белгілі болды. Операциядан кейін ол үшінші балалар ауруханасының хирургия бөліміне "Платтер синдромы" диагнозымен жатқызылған. Қатты қан кеткеннен кейін есін жимай қайтыс болған. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді полиция.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі қалалық балалар клиникалық ауруханасында бала өліміне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ата-анасы сараптама жасаудан бас тартқан.

"Бала ауруханаға 2 сәуірде түскен. Бала сүндетке отырғызылған, бірақ операция аяқталмаған. Туыстары операцияның қай жерде жасалғанын айтқан жоқ. Барлық реанимациялық шараларға қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады ведомстводан.