80 жылдан кейін ақ аюлар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

0
1 521

Қазірдің өзінде жыртқыштар аштан өлуде.


80 жылдан кейін ақ аюлар жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

ERNUR.KZ. Арктикада мұз жамылғысының еруінен поляр аюлары осы ғасырдың соңында жойылып кетуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазірдің өзінде жыртқыштар аштан өлуде, өйткені олардың табиғи тіршілік ету ортасы бұзылған. Ғалымдардың пікірінше, егер атмосферада көмірқышқыл газының шығарындылары қазіргі деңгейде сақталса, онда жаһандық жылыну поляр аюлары үшін қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

Арктикадағы климаттың өзгеруі бүгінде планетаның басқа аймақтарымен салыстырғанда екі есе жылдам жүріп жатыр. Поляр аюлары шамамен 200 күн аш жүре алады. Бірақ оларға қорегін табу қиынға соғуда.

Олар мұзда өмір сүретін арктикалық итбалықтарды аулайды. Егер жануардың дене салмағы нормадан 20% аз болса, онда ол қорексіз 200 күн емес, тек 125 күн өмір сүре алады.

Nature Climate Change ғылыми журналында жарияланған зерттеуде егер жыртқыштардың тіршілік ету ортасына антропогендік әсер тоқтамаса, климат туралы Париж келісімінің мақсаттарының жетістігі де поляр аюларын жойылып кетуден сақтай алмайтыны айтылған.