Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) 26 тамызда жылдың ең ыстық температурасы тіркелді.
ERNUR.KZ. Абу-Дабиде сынап бағанасы +50,8 градусты көрсетті. Бұл туралы 27 тамызда Arabian Business БАӘ Ұлттық Метеорология орталығына (NCM) сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Inbusiness.kz.
Журнал Әмірліктердің барлық аймақтарында +40 градустан жоғары температура тіркелгенін жазады. Алайда, ең ыстық температура сағат 14.45 Абу-Дабиде тіркелді.
"Таңқаларлық жағдай болғанымен, жаз айларында елдегі температура кейде 50 °C-тан асады. Шілдеде термометрлер жылына бірінші рет белгіден жоғары көтерілді", - делінген басылымның материалында.
Маусым айында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (WMO) 2023 жылдың жазы Еуропа мен бүкіл планета үшін метеорологиялық бақылау тарихындағы ең ыстық маусым болуы мүмкін деп мәлімдеді.