Оқыс оқиғадан 9 адам зардап шеккен.
ERNUR.KZ. Ғимарат ішінде жұмыс істеп тұрған эскалатордағы адамдардың үстіне шатыр опырылып құлады, деп жазады life.ru.
Қытайдың шетелдік туристер жиі баратын Хуаинь қаласының орталығында бейнебақылауға туристердің үстіне шатырдың опырылып түсіп, басып қалғаны жазылып қалған. Оқыс оқиғадан 9 адам зардап шеккен.
Видео кадрында эскалатормен түсіп келе жатқан туристер төбенің опырылып жатқандығын байқағанмен, қашып үлгермей қалғандығы және шатырдың оларды басып қалғандығы анық байқалады. Оқиғаға куә болғандар шатыр басып қалған адамдарды құтқаруға жүгіріседі.
Оқиға орнына бірден медицина қызметкерлері жетіп, жарақат алғандарға көмек көрсетілген. Қуанышқа орый, қаза болғандар жоқ.