Әйгілі ресейлік рэпердің зираты өртенді

0
896

Бұл жағдайға әртістің жанкүйерлері кінәлі болуы мүмкін.


Әйгілі ресейлік рэпердің зираты өртенді

ERNUR.KZ. Көпшілікке Децл лақап атымен танылған ресейлік рэп орындаушының зираты өртенді. Белгісіз біреулер марқұм Кирилл Толмацкий жерленген аумаққа өрт қойған, деп жазады kaz.nur.kz.

Оқыс оқиға католиктердің рождество мейрамы кезінде орын алған. Децлдің мазары өртенгенін оның зират басына келген анасы анықтаған.

Марқұм рэпердің анасы ұлының мүрдесіне келіп, ол жатқан жердің өртке оранғанын аңғарған. Қорымдарға жауапты әкімшілік мүшелері бұл жағдайға әртістің жанкүйерлері кінәлі болса керек деген жауап қайтқан.

Олардың сөзінше, рэп орындаушының табынушы қыздары оның басына жиі келіп, зират маңына шамдар жағып кететінін айтты. Нәтижесінде мазардағы гүлдер мен ағаштар өртке орануы мүмкін дейді олар.

Айта кетейік, Децл осы жылдың үшінші ақпанында концерттерінің бірінде қайтыс болды. Танымал рэп орындаушы жүрек сырқаты салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.

Оның өлімі өзге ресейлік жұлдыздар мен барша жанкүйерлерін дүрсілкіндірді. Децлдің қазасын естіген өнер иелері ол туралы естеліктерімен жарыса бөліскен болатын. Марқұмның бұрыңғы досы әрі рэпер Тимати оның құрметіне тіпті, арнайы ән шығарды. Онда ол екеуінің достығын сөз еткен.