21 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар кез келген азамат көлік іздеушісі болып жұмыс жасай алады.
ERNUR.KZ. Желіде жұрт армандаған жұмыс туралы хабарлама жарияланды, деп хабарлады Stan.kz.
HushHush компаниясы шөл далада қалдырылған көліктерді іздейтін жұмыс ұсынды. 21 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар кез келген азамат көлік іздеушісі болып жұмыс жасай алады. Сонымен қатар, ол адам Дубайға барып, шөл далада қалып қойған спорттық және люкс көліктерді іздеп табуға дайын болуы шар.
Көліктерге деген махаббаты жоғары, олардың бағасын шамалап білетін, ыстыққа төзімді адамдардың бұл мамандық бойынша жұмысқа кіруге мүмкіндігі көп.
Көлік іздеушілеріне 30 мың фунт көлемінде жалақы төленеді. Теңгемен есептейтін болсақ, бұл мамандық иелерінің жалақысы 14 миллион теңгеден көп болмақ. Бұл төлемге қоса, жұмысшының жол ақысы, іс-сапар ақысы төленіп, әр көлікті сатқан сайын қаражаттың белгілі бір пайызы беріліп отырады.
Жергілікті заңнама шеңберінде өмір сүре алмаған көптеген Арап Әмірліктерінің тұрғындары мүлкін, көліктерін тастап елден қашып кеткен. Нәтижесінде мыңдаған люкс көліктер шөл далада қалып қойған.