Ақ үй вакцинаны жарнамалау үшін TikTok жұлдызын жалдады

0
427

Скиннер халықты вакциналауға өте жауапты қарайды және жастар арасында танымал.


Ақ үй вакцинаны жарнамалау үшін TikTok жұлдызын жалдады

ERNUR.KZ. Ақ үй АҚШ-та COVID-19-ға қарсы вакцинаны жастар арасында танымал ету үшін TikTok блогерді жалдады, деп жазады Tengrinews.kz.

TikTok әлеуметтік желісінде 845 мыңнан аса оқырманы бар Бенито Скиннер "Ақ үйдегі іс-тәжірибеден бір күн" атты видео түсірген. Видео Instagram және Twitter-де де жарияланды.

Онда блогер стажер Купердің рольін ойнайды. Қазіргі уақытта видео TikTok-та 2,5 миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

Тағы бір видеосында блогер "Біз мұны жасадық, Джо" деп айғайлайды. Бұл видеода блогер вице-президент Камала Харрис АҚШ президенті Джо Байденге қоңырау шалып, оны сайлаудағы жеңісімен құттықтаған сәтін қайталаған. Видео бұған дейін Желіде танымалдыққа ие болған еді.

Ақ үй өкілінің айтуынша, Скиннер халықты вакциналауға өте жауапты қарайды және жастар арасында танымал.