Туған әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілердің бірінің хаты жарияланды
фото:Sputnik.kz
ERNUR.KZ. Мәскеуде әкесін өлтірген апалы-сіңлілі үш қыздың кішісі әлеуметтік желілердегі қолдау топтары арқылы демеу болған жас жігітке алғысын білдірді, деп жазады Sputnik.kz.
Жауыз әкесін өлтірді деген күдікпен № 6 тергеу абақтысында отырған 17 жастағы қыз досына хат жазды. Жас жігіт қыздардың "ВКонтактедегі" қолдау тобында оларға сөзбен қолдау білдіріп қана қоймай, іспен көмектесіп жүр.
Атап айтқанда, Mash телеграм-каналы хабарлағандай, таяуда ол апалы-сіңлілерге тәттілер, киім-кешек салып жіберді. Қыздарды тергеу абақтысында үй киімімен алып кеткендіктен, оларға, әсіресе, киім-кешек қатты қажет болған.
"Бізге сенетін адамдардың болғаны қаншалық көңілге демеу болатынын елестете алмайсың. <…> Біз де теледидар көреміз, жаңалық тыңдаймыз, шын мәніндегі онда айтылып жатқанның көбісі жалған. Еңсемді түсірмеуге тырысып жатырмын, ең қиыны, әпкелеріммен көріспейміз", — деп жазған 17 жастағы қыз.
Естеріңзге сала кетейік, 27 шілде күні үш апалы-сіңлілі 57 жастағы әкесін өлтірген болатын. Олар оған 30-дан астам пышақ жарақатын салған, содан кейін болған жайтты полицияға хабарлаған. Қыздар зұлымдық пен қорлыққа одан әрі шыдай алмағандықтан осындай қадамға барғанын айтты. Қазір олар тергеу абақтысында отыр.
Таяуда қыздардың анасы – 39 жастағы Аурелия Дундук сұхбат беріп, әкесі туған қыздарын зорлап келгенін мәлімдеді.
"Олар: "Анашым, бұл сұмдық, әрі қарай білмей-ақ қойғаның жақсы" дейтін. Олар маған нақты ештеңе айтқысы келмеді. Әкесі туған қыздарын зорлап жүргенін білген жоқпын, туған әкесі бұлай жасайтыны ойыма кіріп-шықпады", — деді ол студияда.