АҚШ ғалымдары Жер бетіндегі ең жоғары температураның бірін тіркеді

0
924

Алдағы апталарда мұндағы ауа температурасы тағы бірнеше градусқа көтеріліп, абсолютті рекорд орнатуы мүмкін.


АҚШ ғалымдары Жер бетіндегі ең жоғары температураның бірін тіркеді

ERNUR.KZ. АҚШ ғалымдары Жер бетіндегі ең жоғары температураның бірін тіркеді, деп жазады kaz.nur.kz.

Американың Калифорния штатындағы "Өлім алқабында" рекордтық ауа температурасы – 54,4 °C тіркелді. Зерттеушілердің пікірінше, бұл – Жер бетінде тіркелген ең жоғары температуралардың бірі.

Ғалымдардың болжамынша, алдағы апталарда мұндағы ауа температурасы тағы бірнеше градусқа көтеріліп, абсолютті рекорд орнатуы мүмкін.

Айта кетейік, 1913 жылы "Өлім алқабында" 56,7 градус тіркелген екен.

Рекордтық температураны АҚШ ұлттық ауа райы қызметі Невада штаты шекарасына жақын маңда тіркеген.

Виктория штатындағы Веллингтон университетінің климат бойынша маманы, профессор Джеймс Ренвик бұл көрсеткіштің тексерілетінін жеткізді. Оның айтуынша, мұндай жағдайда құрылғылар қосымша тексеруден өтуі тиіс.

Ерекше ыстық ауа райы Аризонадан Вашингтон штатына дейін сақталып отыр. Алдағы апталардың ішінде 100-ден астам рекордтық температура белгіленеді деп күтілуде.

Ғалымдардың мәліметінше, қазіргі уақытта АҚШ-тың үш қаласында тамыз айы үшін рекордтық жоғары температура тіркеліп отыр.