АҚШ пен Канадада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болады

0
531

Бірқатар қалада кондиционері бар арнайы орталықтар ашылды.


АҚШ пен Канадада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық болады

ERNUR.KZ. АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің (NWS) болжамынша, Вашингтон мен Орегон штаттарының барлық аумағында, сондай-ақ Калифорния мен Айдахоның көптеген ауданында қатты ыстық болады. Күннің қатты ысуы кейбір жағдайларда өмірге қауіп төнуі мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.

Бірқатар қалада кондиционері бар арнайы орталықтар ашылды, онда қажет болған жағдайда адамдар салқындай алады.

Мамандар температураның күрт көтерілуін АҚШ-тың солтүстік-батысы мен Канада бөлігінің үстінде пайда болған жоғары қысымды аймақпен түсіндіреді.

Алайда, қауіпті ескертулерге қарамастан, көптеген адамдар күндерін көлдер мен бассейндердің жанында өткізуді жөн көреді.