АҚШ Pfizer вакцинасын балаларға салуға рұқсат береді

0
622

Компанияның өзі реттеуші органға вакцинаны осы топтағы жеткіншектерге егуге рұқсат беру туралы өтінішті сәуір айында жолдаған.


АҚШ Pfizer вакцинасын балаларға салуға рұқсат береді

ERNUR.KZ. АҚШ-та Азық-түлік пен дәрі-дәрмектің сапасын бақылау басқармасы «Пфайзер-Байонтек» компаниясының вакцинасын 12 мен 15 жас аралығындағы балаларға салуға рұқсат бермек, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы «Нью-Йорк Таймс» газеті хабарлады. Компанияның өзі реттеуші органға вакцинаны осы топтағы жеткіншектерге егуге рұқсат беру туралы өтінішті сәуір айында жолдаған.

Себебі бірлестік бұған дейін өз препаратының осы жас аралығындағы балаларға қауіпсіз екенін жариялаған. Айта кетейік, компания дәл осындай өтінішті Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігіне де жіберген.