Бұл туралы олардың немересі Стивен Нэш Twitter желісінде хабарлаған.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында отасқандарына 65 жыл болған ерлі-зайыптылар бір күнде коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы арнасы.
Ерлі-зайыптылар бір күнде, небәрі бірнеше сағат айырмасымен көз жұмған. Бұл туралы олардың немересі Стивен Нэш Twitter желісінде хабарлаған. Нэштің сөзінше, олардың артында алты баласы мен 18 немересі қалған. Бұған дейін ауруды бақылайтын америкалық орталық мәлімдеме жасаған еді.
Мекеменің хабарлауынша, АҚШ-тағы коронавирустан қайтыс болғандардың 80 пайызы 65 жастан асқан адамдар.