АҚШ-та шеруге шыққандарға оқ атқан күдікті ұсталды

0
827

Бес адам оқиға орнында, алтыншы адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды.


АҚШ-та шеруге шыққандарға оқ атқан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шеру кезінде ер адам Чикаго қаласының шетінде адамдарға оқ жаудырып, 6 адам қаза тапты. Бүгінгі таңда күдікті қолға түсті, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қылмыскер Хайленд Парк шағын қалашығындағы ғимараттың шатырынан мерекелік шеруге қарата мылтықпен оқ атқан. Бес адам оқиға орнында, алтыншы адам ауруханаға жеткізілгеннен кейін көз жұмды.

Жедел жәрдем қызметі 8 бен 85 жас аралығындағы 26 адамды ауруханаға жеткізген. Олардың 25-і оқтан жарақат алған. Дәрігерлер 19 адамды ауруханадан шығарды, ал қалған науқастардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Кейінірек Америка полициясы адамдарға оқ атуға қатысы болуы мүмкін деген ер адамның ұсталғанын хабарлады. Ол Роберт Кримо III есімді 22 жастағы жігіт болып шықты. Оған күдікті емес, «тергеу мүддесіне керек адам» мәртебесі берілді. Құқық қорғау органдары оның алты адамның өліміне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Ер адам Хайленд Парк полиция бөлімшесіне жеткізілді. Сол жерде оның қанды қырғынға қатысы бар-жоғы анықталады.