АҚШ-та шерулер басталғалы 11 адам қаза тапқан

0
723

Марқұмдардың көбі – афроамерикалықтар.


АҚШ-та шерулер басталғалы 11 адам қаза тапқан

ERNUR.KZ.. АҚШ-та Джордж Флойдтың өліміне байланысты жаппай шерулер басталғалы 11 адам қаза тауып, 100-ден астам кісі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы жергілікті телеарнаның бірі хабарлады. Марқұмдардың көбі – афроамерикалықтар. Сарапшылар бұл елдегі толқуларды одан әрі ушықтыра ма деп алаңдап отыр.

Еске сала кетйік, Құрама штаттарда жаппай наразылық шерулерінің жүріп жатқанына сегізінші күн. Тәртіпсіздіктерге байланысты елдің 40 қаласында коменданттық сағат енгізілген. Олардың ішінде Вашингтон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес шаһары бар. Бірақ осыған қарамастан, қалада тонау-ойрандау тоқтамай тұр.