АҚШ-та танымал сауда желісі оқдәрі сатпайтын болды

0
886

Ақпарат құралдары сауда желісінің бұл бастамасын өзге де ұйымдар қолдауы мүмкін дейді.


АҚШ-та танымал сауда желісі оқдәрі сатпайтын болды

ERNUR.KZ. АҚШ-та «Уолмарт» сауда желісі оқдәрі сатуды тоқтатты. Техас штатының Эль-Пасо қаласындағы оқиғадан кейін Компания осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда АҚШ Ұлттық атқыштар қауымдастығы «Уолмарт» мұндай шешімді қару-жараққа қарсы элитаның қысымымен қабылдады деп отыр. Ақпарат құралдары болса сауда желісінің бұл бастамасын өзге де ұйымдар қолдауы мүмкін дейді. Еске сала кетейік, тамыздың 3-і күні 21 жастағы Патрик Крусиус Эль-Пасо қаласындағы «Уолмарт» дүкенінде тұрғындарға оқ жаудырып, 22 адамды жер жастандырды. Тағы 20-дан астам тұрғын жарақат алды.