Желдің жылдамдығы сағатына 129 шақырыммен соққан.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миссисипи мен Алабама штаттарында жойқын торнадо жүріп өтті. Дауылдан кейін артынша нөсер жауын құйған. Табиғи апат салдарынан 26 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.
Жүздеген ғимарат қирап, мыңдаған үй жарықсыз қалған. Миссисипи шатының билігі аймақта төтенше жағдай жариялады. Ал Вашингтон дауылдан зардап шеккен аймақтарға құтқарушылар жіберген.