АҚШ-тың Монтана штаты TikTok-қа заңмен тыйым салды

0
850

Штат губернаторы Грег Джанфорте ТикТокқа тыйым салу туралы заңға қол қойды.


АҚШ-тың Монтана штаты TikTok-қа заңмен тыйым салды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Монтана штатында TikTok әлеуметтік желісіне заңды түрде тыйым салынды, деп жазады sputnik.kz.

Джанфорте Қытай Коммунистік партиясынан тұрғындардың жеке деректерін қорғау үшін штатта TikTok-қа тыйым салғанын айтты. Оның пікірінше, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Губернатор штаттағы деректерді "шетелдік қарсыластарға" жіберетін кез келген қосымшаны бұғаттау туралы бұйрық шығарғанын айтты.

Айта кетейік, Монтана аталған мобильді қосымшаға тыйым салған АҚШ-тың алғашқы штаты болды.