"Алдап шақырған": Атастырған жігітіне тимей қойған қыз сүйіктісімен бірге ажал құшты

0
2 292

Байрамозу ауылында 24 жастағы бойжеткенді туған-туыстары діни жоралғы жолымен аттастырған жігітке үйлендірмек болған.


ERNUR.KZ. Түркияда татуласу шәйіне қыз үйіне барған жас жұбайлар зорлық-зомбылыққа ұшырап, қаза тапты, деп жазады zakon.kz.

Daily Mail-дің хабарлауынша, Байрамозу ауылында 24 жастағы бойжеткенді туған-туыстары діни жоралғы жолымен аттастырған жігітке үйлендірмек болған. Жігіт қыздың отбасына алыс туысқаны да болып келеді. Алайда, жеме-жемге келгенде, қыз сүйіктісімен бірге қашып кеткен.

Ерлі-зайыптылар Жаңа жылдық кеште қалада бой көрсетеді. Сол кезде оларды жолықтырған туысы қызды әке-шешесі кешіргенін айтып, үйге татуласу шәйіне шақырады. Ал үйге келгенде қос жүп зорлық-зомбылыққа ұшырап, пышақталып, қайтыс болады. Жігіттің зорланғаны да айтылады. Олардың денесі ауыл сыртына жерленгені белгілі болды.

Полиция қыздың туыстарын ұстады, олар өз жасаған әрекеттерін мойындап, мәйітті қайда жасырғанына дейін айтқан.

Мәйіт табылғаннан кейін қыздың әкесі, ағасы, қызды күштеп үйлендірмек болған немере ағасы және осы қылмысқа қатысты тағы екі туысы қамауға алынды.