Әлемдегі ең кәрі қазақ әйел қайтыс болды

0
1 455

Қария биыл қаңтар айынан бастап әлемдегі ең кәрі адам ретінде саналған.


Әлемдегі ең кәрі қазақ әйел қайтыс болды

ERNUR.KZ. Астрахан облысы Алча ауылында 125 жастағы Танзиля Бисембеева қайтыс болды, деп жазады Тengrinews.kz.

"Российская газета" басылымның мәліметінше, Танзиля Бисембеева 1896 жылы дүниеге келген. Бірнеше революцияны өткерген. Ол биыл қаңтар айынан бастап әлемдегі ең кәрі адам ретінде саналған. Ол жайлы Ресейдің рекордтар кітабында да айтылады.

Бисембаеваның артында үш ұлы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі қалды.

Ал Гиннесс рекордтар кітабының нұсқасы бойынша, бүгінде әлемдегі ең кәрі адам - Канэ Танака, ол 116 жаста.