Canalys компаниясының сарапшылары зерттеудің нәтижесін жариялады.
ERNUR.KZ. Өткен жылы шыққан iPhone 11 – нарықта ең көп сатылған құрылғы, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл Canalys компаниясының сарапшылары алға тартқан зерттеуден белгілі болды. 2020 жылдың үшінші тоқсанының өзінде бұл гаджеттің 16 млн данасы сатылған.
Canalys компаниясының сарапшылары нарықты зерттеп, ең көп сатылған гаджеттердің тізімін жасады. Apple компаниясының былтыр шыққан iPhone 11 және iPhone SE 2020 смартфондары сатылым жағынан көш бастаған. 2020 жылдың үшінші тоқсанында брендке тиесілі алғашқы модельдің 16 млн данасы сатылған болса, iPhone SE 2020-ның 10 млн данасы сатылған.
Ал үшінші орынға 10 млн-ға кішкене жетпей қалған Samsung Galaxy A21s жайғасты. Қалған жеті орында Samsung пен Xiaomi құрылғылары өзара бөліскен.
Қазан айында сарапшылар 2020 жылдың үшінші тоқсанындағы әлемдік нарық туралы есеп жасаған. Соған сәйкес Xiaomi компаниясы жалпы сатылым жағынан Apple-ді артқа тастады.