Әлемге танымал Vogue сән журналы Көбейтұзда күй шерткен қазақ аруы туралы жазды

0
1 069

Домбырашы қыз Көбейтұз көлінің ортасында «Керұғлы» күйін шертті.


Әлемге танымал Vogue сән журналы Көбейтұзда күй шерткен қазақ аруы туралы жазды

ERNUR.KZ. Әлемдегі танымал сән журналдарының бірі Vogue өзінің Instagram парақшасында қазақстандық домбырашы туралы пост жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.

Астаналық домбырашы Маржан Қапсамат шілденің басында Көбейтұз көлінің ортасында өлімді өмір жеңетін әнұран – «Керұғлы» күйін шертті.


«Қазақстанның ежелгі мәдениетін заманауи Instagram әлеміне енгізген Қазақстан, нұрсұлтандық Маржан Қапсаматпен таныс болыңыздар. 23 жастағы қыз Қазақстанның ұлттық аспабы, ұзын мойны мен алмұрт тәрізді пішіні бар екі ішекті лютна - домбырада ойнайды, - деп жазған Vogue видеоның астына.