Алматылық 10 жасар оқушы Сан-Ремоны тәнті етті

0
1 650

Биылғы фестивальде 36 елден қатысуға өтініш түссе, финалға тек 16 елдің үміткерлері жіберілген. Ауқымды жобаның ережесіне сай, әр елден тек бір қатысушы ғана ел намысын қорғайды.


Алматылық 10 жасар оқушы Сан-Ремоны тәнті етті

Алматылық 10 жасар оқушы қыз Сан-Ремодағы вокалдық конкурста қазылар алқасын тәнті етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ bnews.kz-ке сілтеме жасап.

Аделина Мұхамеджанова есімді оқушы қыз Италияда өткен 9-шы телевизиялық San-Remo Junior вокалдық конкурсында жүлдегер атанды.

Фестиваль Сан-Ремода жыл сайын өткізіледі. Кәсіби қазылар алқасы бір жыл бойы барлық елдің қатысушыларын іріктеуден өткізген.

Биылғы фестивальде 36 елден қатысуға өтініш түссе, финалға тек 16 елдің үміткерлері жіберілген. Ауқымды жобаның ережесіне сай, әр елден тек бір қатысушы ғана ел намысын қорғайды.

Осы жылы Қазақстанның намысын қорғау 10 жасар Аделина Мұхамеджановаға бұйырды. Жас әнші финалда Франческо Сарторидің Андреа Бочеллиге арнайы жазылып, алғаш рет 1995 жылы дәл осы фестивальде орындаған «Time to say good bye» әнін шырқады.

Барлық қатысушылар туындыларын әйгілі «Аристон » театрының сахнасында Сан-Ремоның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен орындады.

10 жасар алматылық Аделинаның әнін италялықтар өте жылы қабылдаса, қазылар алқасы талантын жоғары бағалап, жүлделі 3-ші орынға лайық көрді.