Үш ғарышкер мінген «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы сенбі күні таңертең Қытайдың солтүстігіне аман-есен қонды.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жариялады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Үш қытайлық астронавт экипажы бар «Шэньчжоу-13» ғарыш кемесінің капсуласы Қытайдың солтүстігіндегі Ішкі Моңғолия автономия ауданына аман-есен қонды. Қону қалыпты болды, барлығы өзін жақсы сезінеді» делінген хабарламада.
Бұл ғарыш сапарында үш тайконавт (ғарышкерлерді Қытайда осылай атайды) Жай Чжиган, Ван Япин және Е Гуанфу алты ай бойы бір миссияның бөлігі ретінде ғарышта өткізген уақыт бойынша рекорд орнатты.
Естеріңізге сала кетейік, «Шэньчжоу-13» ғарыш аппараты 2021 жылдың қазан айында ұшырылған еді.