Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ.
ERNUR.KZ. Амстердамның Схипхол әуежайында KLM Cityhopper жолаушылар ұшағының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышы ер адамды тартып әкетті. Жолаушы қайтыс болды, деп жазады stan.kz.
Оқиға сәрсенбі күні түстен кейін Embraer E190 ұшағы ұшуға дайындалып жатқан кезде болды. Ол Данияның Биллунд қаласына KL1341 рейсін орындауы керек еді.
Нидерландының NOS қоғамдық хабар таратушысы жариялаған кадрларға қарағанда, оқиға терминал жанындағы платформада болған.
Оқиға орнынан түсірілген суреттерде ұшақтың қасында өрт сөндіру көліктері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері көрсетілген.
Марқұмның жеке басы әлі анықталған жоқ. Әлеуметтік желілерде оның әуежай қызметкері болуы мүмкін екені жазылған. Бірақ Algemeen Dagblad басылымының дереккөздері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ер адам қозғалтқыштың жанында күтпеген жерден пайда болғанын хабарлады.