Әнші Путинмен кешкі ас ішкені үшін сотталды

0
1 058

Жұлдыз Путинмен кешкі ас ішкені үшін 6 ай түрмеге қамалды.


Әнші Путинмен кешкі ас ішкені үшін сотталды

ERNUR.KZ. Италияндық жұлдыз Путинмен кешкі ас ішкен үшін 6 ай түрмеге қамалды деп жазады Qamshy.kz.

Италияндық актриса Орнелла Мути 2010 жылы жалған медициналық анықтама берген.

“2010 жылдың желтоқсан айында Мути театрдағы қойылымда рөл ойнау керек болған еді. Бірақ ол жалған анықтама берген. Бұл күні ол Владимир Путин қатысқан Санкт-Петербургте өткен қайырымдылық кешкі асында болды”, - делінген іс материалында.

Театр басшылығы сотқа жүгініп, Мутиді жалған анықтама берді деп толық гонорарды төлеуге талап етті. Сот шешімі бойынша актриса театрға 30 мың еуро төлесе, 6 ай түрмеден құтылады.