Айсберг кемелер үшін қатер төндіретіндіктен, ғалымдар оны бақылап отырады.
ERNUR.KZ. Антарктидадағы Эймери мұздығынан салмағы 315 тонналық айсберг бөлініп шықты, деп жазады Qamshy.kz.
D28 деген атау алған мұзтаудың көлемі 1,6 мың шаршы метрді құрайды. Қалыңдығы шамамен 210 метр.
Эймери – үлкендігі жөнінен үшінші мұздық. Алып мұздық құрлықтың шығыс жағында Ларс Кристенсен мен Ингрид Кристенсен жағалауларының арасында орналасқан. Соңғы рет мұндай айсберг 50 жыл бұрын бөлініп шыққан болатын.