Мойнына байланған мемлекеттік ту мотоцикл дөңгелектеріне оралып қалған.
ERNUR.KZ. Аргентина футбол командасының жанкүйері Катарда өткен әлем чемпионатында команданың жеңісін тойлау кезінде шатырдан құлап, мерт болды, деп жазады stan.kz.
Қайғылы оқиға Буэнос-Айресте орын алды. Жексенбі күні елде әлем кубогының финалынан кейін жанкүйерлер жеңісті тойлады. 24 жастағы ер адам дүйсенбі күні таңертең адамдардың көпшілігі тарап кеткен кезде табылды. Ауруханаға жатқызылғанымен, бір күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Бұған дейін тағы бір аргентиналық жанкүйер команданың жеңісін тойлау кезінде асфикция, яғни тұншығып өлген. Мойнына байланған мемлекеттік ту мотоцикл дөңгелектеріне оралып қалған. Оқиға жексенбіде Аргентинаның Бахия Бланка қаласында болды. Марқұм 22 жаста еді.
Жексенбіде Аргентина құрамасы тарихта үшінші рет әлем чемпионатын жеңіп алды (1978, 1986, 2022). Аргентина билігі 20 желтоқсанды ұлттық демалыс деп жариялады.