Армения ресейлік газды рубльмен сатып ала бастады

0
540

«Газпром» Арменияда тұтынушыларға сатылатын табиғи газдың жалғыз жеткізушісі.


Армения ресейлік газды рубльмен сатып ала бастады

ERNUR.KZ. Арменияның Экономика министрі Ваган Керобян ресейлік газ бағасы доллармен белгіленетінін, бірақ төлемдер рубльмен жүргізілетінін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Армения ресейлік газ үшін төлемді рубльмен жүргізе бастады.

"Менің білуімше, соңғы бірнеше төлемдер рубльмен болды, бірақ тиісті бағам бойынша", - дейді Арменияның Экономика министрі Ваган Керобян.

Министрдің айтуынша, баға доллармен белгіленеді, бірақ төлем рубльмен жүргізіледі.

"Ықтимал төлем әдістерінен армян драмын немесе қазақ теңгесін алып тастаудың қажеті жоқ. Біздің ойымызша, елдердің орталық банктері ұлттық валюталардағы төлемдердің көрінуі немесе болжамды болуы үшін қолайлы жағдай жасауы керек", - дейді Ваган Керобян.

«Газпром» Арменияда тұтынушыларға сатылатын табиғи газдың жалғыз жеткізушісі екенін айта кеткен жөн.