Арменияда 2023 жылы ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтпейді – премьер Пашинян

0
608

Армения ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын биылғы жылы өз аумағында өткізуді қолайсыз деп санайды.


Арменияда 2023 жылы ҰҚШҰ оқу-жаттығулары өтпейді – премьер Пашинян

ERNUR.KZ. Бұл туралы аталған елдің премьер-министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі жағдайда ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуді (Армения Республикасының аумағында) қолайсыз деп санайтынымыз және жаттығулар биыл өтпейтіні туралы Арменияның Қорғаныс министрі (Сурен Папикян) ҰҚШҰ Біріккен штабына хабарды жеткізді», - деді премьер-министр сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі осы елдің Құрлықтағы әскери қызметшілері Армения аумағындағы ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингенттерінің «Мызғымас бауырластық - 2023» оқу-жаттығуларына қатысатынын хабарлаған болатын.