Ащы суға сылқия тойып алған келіншек баласын көлікте ұмытып кеткен

0
1 190

2,5 жасар балақай қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.


Ащы суға сылқия тойып алған келіншек баласын көлікте ұмытып кеткен

ERNUR.KZ. Ресейдегі Ростов-на-Дону қаласының тұрғыны туған баласын таксиде қалдырып кеткен. Оқиға 28 сәуір күні орын алған. Анықталғандай, баланың анасы оқиға орын алған күні алкогольді сусыннан мас болып қалған, деп жазады kaz.nur.kz.

2,5 жасар балақай қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Бұл туралы дәрігерлер полицияға хабарлаған. Баланың денсаулығына қауіп төген жоқ.

Кейіннен тәртіп сақшылары баланың анасын тауып алды. Анықталғандай, оқиға орын алған күні әйел ащы суға тойып алыпты.

Әйел адамға қатысты "ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу және тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы" туралы әкімшілік хаттама толтырылды.

Құжаттар балалар омбудсменіне, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға, сондай-ақ қамқоршы органдарына берілді. Бала әзірге медициналық мекемеде қалады.

Баланың анасына қандай жаза тағайындалатыны әлі анықталған жоқ.