Атақты футболшы ауруханаға түсіп қалды

0
1 190

Футболдан әлем чемпионы атанған Роналдо ауруханаға түсіп қалды


Атақты футболшы ауруханаға түсіп қалды

фото: ҚазАқпарат

ERNUR.KZ. Бразилиялық спортшы Роналдо ауруханаға түсіп қалды. Оған пневмония диагнозы қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Итальялық БАҚ өкілдерінің жазуына қарағанда, футболшы Ибиц (Испания) аралығындағы жекеменшік клиникалардың бірінде жатыр. Ол сол жерде демалып жүрген. Медициналық мекеменің қызметкерлері Роналдоның пневмония болып қалғанын растады.

Айта кетейік, Роналдо екі мәрте әлем чемпионы және «Интер», «Реал» сынды клубтарда мықты ойындар көрсеткен.