Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған - Қырғызстан МҰҚК

0
839

Опумбаевтың айтуынша, Атамбаевты ұстаудың бес нұсқасы дайындалған.


Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған - Қырғызстан МҰҚК

ERNUR.KZ. Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған. Бұл туралы елдің Мемлекттік ұлттық қауіпсіздік көмитетінің басшысы мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

МҰҚК төрағасы Орозбек Опумбаевтың айтуынша, Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастары адамдарға, әсіресе әйелдер мен қарттарға ақша беріп жанында ұстаған.

"Ол мемлекеттік төңкеріске дайындалғанын ашық мәлімдеймін. Атамбаев шақыртуға келмейтінін айтқанда, мен "Альфа" арнайы жасағын пайдалану туралы шешім қабылдадым", - деді ол.

Опумбаевтың айтуынша, Атамбаевты ұстаудың бес нұсқасы дайындалған. Ол қолданылған нұсқа ең оңтайлы болғанын атап өтті.

"Атамбаев штабына барлық ақпаратты бұрынғы министр Исраилов (ІІМ бұрынғы басшысы) және Сегізбаевтың (ҰҚК бұрынғы басшысы) қызметкерлері баяндап отырған. Олар бұл үшін ақша алған. Арнайы жасақ келе жатқаны туралы мәлімет Атамбаевқа жарты сағат бұрын жетіп отырған. Онда бірден әйелдер, балалар мен қарттар жиналды. Оған қан-төгіс, мемлекеттік төңкеріс қажет болды", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.

Опумбаев Алмазбек Атамбаевты қолға түсіру үшін неге 8 тамыз күні белгіленгенін түсіндірді.

"Балықшы полигонында оқу-жаттығу болды. "Альфа" арнайы қызметі сол жерге жіберілген, тек төрт адам ғана олардың қайтып оралғанын білді. Атамбаев қоян сияқты ініне тығылып, қорғаушыларын ғана қалдырды", - деді ол.

МҰҚК басшысы Атамбаевтың үйі зерттелгенін атап өтті. Онда бункер мен ДЗОТ-тар қойылды.

"Оқиға болған жерде Драгуновтың мергендік винтовкасы табылды, ол арнайы қызметтердің қолында тұрды. Екі мырыш жәшігі, тапанша және басқа да амуниция табылды", - деп толықтырды Опумбаев.