Атасы жаңа туған немересіне арақ ішкізген: отбасының қуанышы қайғыға ұласқан

0
1 246

Сәбидің бір айға толуына орай бас қосуда орны толмас қайғылы оқиға болды.


Атасы жаңа туған немересіне арақ ішкізген: отбасының қуанышы қайғыға ұласқан

ERNUR.KZ. Қытайдың Пекин қаласында ақсақал жаңа туған немересіне ішімдік беремін деп өлтіріп алды, деп жазады sputniknews.kz.

Отбасының туған-туыстары мен достары сәбидің бір айға толуын атап өту үшін бас қосқан екен. Нәрестенің атасы тост айтқаннан кейін қонақтардың бірі: "Немерең ішпесе, қалай ішесің?" – деп қалжыңдайды.

Сол кезде ақсақал сәбиге өз бокалынан ішімдік ішкізген. Анасы жетіп барып, бөбекті қолына алады. Арада жарты сағат өткенде сәбидің тынысы тарылып, дем алмай қалыпты.

Баланы шұғыл ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады. Сәби өлімі туралы қорытындыда нәрестенің ішімдіктен улану салдарынан шетінегені жазылған.